-A A +A

Жаңалықтар

ХҚКО қызметкерлерімен семинар.

   2017 ж. 21.09. Сарыкөл ауданы әділет басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» мамандарының қатысуымен заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары бойынша семинар өткізді.

   Іс-шара жүргізу барысында «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдарымен өкілдерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңының негізгі талаптары және мемлекеттік қызмет стандарттары туралы түсініктеме берілді.

   Талқылау аяғында қатысушылар пікірлерімен айырбастады.

                            Сарыкөл ауданының

Семинар :«Зияткерлік меншікті қорғау отандық кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі»

    21.09.2017 жылы Амангелді аудандық Әділет басқармасында «Зияткерлік меншікті қорғау отандық кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі» атты тақырыпта семинар  ұйымдастырылды.

   Бұл семинар  Амангелді аудандық коммерциялық емес мекемелердің, аудан кәсіпкерлерінің  қатысуымен  өткізілді.

Азаматтарды қабылдау

          2017  жылдың қыркүйек айының 20 күні  Ұзынкөл аудандық  Әділет басқармасының басшысы Б.Б. Исмадьяровпен  «Нұр Отан» партиясы Ұзынкөл ауданының филиалында жүгінген  азаматтар  үшін заңды құқықтық көмек көрсету бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.

      Шараның мақсаты  халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, халықтын мемлекеттің оргнадарына сенімділікті нығайту болып табылады.

Мемлекетік қызмет, қызметтік этика ережелері және сыбайлас-жемқорлықты алдын алу сұрақтары туралы

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 20-да Лисаков  қаласы Әділет басқармасы ғимаратында мемлекеттік қызмет, қызметтік этика ережелері және сыбайлас-жемқорлықты алдын алу бойынша «дөнгелек үстел» өткізілді.

«Дөнгелек үстел» жұмысында Лисаков қаласының ІІб өкілдері, аға сот орындаушысы және Лисаков қаласы Әділет басқармасы қызметкерлері қатысқан болатын.

Амангелді аудандық Әділет басқармасында брифинг өтті

   2017 жылдың 20 қыркүйегінде Амангелді аудандық әділет басқармасында «Заң көмегі туралы» және «Заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар » атты тақырыбында брифинг өткізді.

      Іс шараға жеке  нотариус  және Амангелді аудандық әкім аппаратының заңгері  және «Амангелді арайы» газетінің тілшісі қатысты.

«Әкімшілік құқықбұзушылық» атты семинар

2017 жылдың 20 қыркүйек күні  Таран аудандық Әділет басқармасы мен Таран ауданы бойынша сот орындаушылар бөлімі және «Алина-Т» ЖШС-нің жұмыскерлерімен бірлесе отырып, «Әкімшілік құқықбұзушылық» Қазақстан Республикасы заңы бойынша түсініктеме семинары өтті.

         Семинар барысында  «Әкімшілік құқықбұзушылық» Қазақстан Республикасы заңы талқыланып, түсініктеме берілді.

         Іс –шара соныңда Қазақстан Республикасы заңының талаптарымен жұмыс жасауға шешім қойылды.

Таран аудандық

Заң көмегі туралы

         Қостанай аудандық Әділет басқармасымен «Әділет кеңес береді» акциясы аясында ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Александров селолық округінің халқымен кездесу ұйымдастырылды.

         Кездесу мақсаты - «Заң көмегі туралы» және «Заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру.

     Барлық жүгінген азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті кеңестер берілді және заңнамалардың нормалары түсіндірілді. 

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша семинар

19.09.2017 жылы  Науырзым аудандық Әділет басқармасы  «ХҚКО» Науырзым аудандық бөлімінің қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша семинар өткізілді.

Іс- шараның мақсаты –жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдағанда ХҚКО қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету. 

Семинар барысында мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, сапалы құжат қабылдау мәселелері қарастырылды.

Рудный қалалық Әділет басқармасында«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жүгінуі бойынша талқылау өткізді.

А.ж. 19 қыркүйек күні Басқарма басшысы А.Х. Мадьярованың төрағалық етуімен Қашар кенті әкімі қатысуымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ҚР Президенті жолдауын талқылау өткізілді.

Кездесу барысында программалық құжаттың негізгі міндеттері мен бағыттары талқыланды, Жолдауда қойылған міндеттердің мәні, сондай-ақ  Рудный қаласының шекарасының кеңейінуіне байланысты жер учаскілерін тіркеу мәселелері талқыланды.

Іс-шара соңында жер учаскелерін тіркеу барысында толықтай қарым қатынаста жұмысты атқару және ақпаратты қабылдау жайлы шешім қабылданды.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды түрде тіркеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел

 Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні Рудный қаласы № 1 ХҚКО ғимаратында қала нотариустары, мемлекеттік органдары, Әділет басқармасы өкілдерінің қатысуымен бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі порталының құралы арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды түрде тіркеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

ҚР «заң көмегі туралы» заңнны жобасын талқылау

     2017 жылдың 19 қыркүйек күні Таран аудандық Әділет басқармасы адвокаттардың заң кеңесінің меңгерушісімен және аудан нотариустарымен кездесу өткізді.

         Кездесу барысында «Заң көмегі туралы» және «Заң көмегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұжырымдамалары талқыланды.

         Іс-шара соңында қатысушалыр пікір алмасты.

Таран аудандық

Әділет басқармасы

 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Таран аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында 2017 жылдың 19 қыркүйек күні «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Мемлекет басшысының халыққа жолдауының ережелері түсіндірілді.

Іс-шараға мұрағаттың, селолық акиматтың қызметкерлері қатысты. Әділет басқармасының жетекші маманы баяндамамен сөз сөйледі.

Заң көмегі бойынша брифинг

         2017 ж. 19.09. Сарыкөл ауданы әділет басқармасы агробизнес және құқық колледжінің, «Нұр Отан» ХДП және бұқаралық ақпарат құралының өкілдерінің қатысуымен «Заң көмегі» Қазақстан Республикасының Заңдарының жобалары» және «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі» тақырыбына брифинг өткізді.

       Брифинг өткізу мақсаты, заң қызметімен көрсету сапасын көтеру және қол жетімділігі туралы заң жобаларына түсініктеме беру.

        Брифинг аяғында тұрғындарға осы салада түсініктеме жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданды .

Атқару жазбаралы туралы

Арқалық қаласы Әділет басқармасы басшысы 2017 жылдың 19 қыркүйегі күні, нотариустарымен бірігіп, жеке нотариустардың қолданылу рәсімдері және жасайтын атқару жазбаралы бойынша қала халқымен кездесу өткізілді.

Аталған шараны өткізу мақсаты келісу рәсімдерін өткізу практикасын кеңейту бағытында, дауларды реттеу жөнінде келісімді нотариалдық куәліктерді айту, сонымен қоса атқару жазбаларын қолдану кезінде ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсету.

Азаматтардың  білдірген сұрақтарына жауаптар мен кеңестер беріліп заңның нормалары түсіндірілді

Брифинг

2017 жылдың 19 қыркүйегінде  Алтынсарин аудандық әділет басқармасында Алтынсарин ауданы нотариуысы қатысуымен брифинг өтті.

      Аталған брифинг барысында «Заң көмегі туралы» және «Қазақтан Республикасының заң көмегі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының Тұжырымдамалары талқыланды.

Қорытындысы бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

                            Алтынсарин аудандық

Әділет басқармасы

 

 

Беттер