-A A +A

Азаматтарды қабылдау

Ағымдағы жылдың 28 қараша күні Рудный қалалық Әділет басқармасының жетекші маманы «Нұр Отан» өкілдерімен бірлесіп «Әділет кеңес береді» акциясы шеңберінде «Нұр Отан» Рудный филиалы партиясы қоғамдық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізді.

Шара барысында Рудный қаласы тұрғындары білікті заңды көмекті жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру түрінде құқықтық кеңес берілді, сондай-ақ Жаһандық бәсекелестік индексі рейтингінің «даулы істерді шешуде заңнаманың тиімділігі», «әділет органдарының іс-әрекет (әрекетсіздік), даулы істерді шешу мәселелері» индикаторлары бойынша түсініктемелер берілді.

Өткізілген іс-шара барысында білікті заң көмегін 4 азамат алды.

Рудный қалалық Әділет басқармасы