-A A +A

Азаматтарға құқықтық кеңес беру

ҚР «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңының негізгі ережелерін жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 03 қарашасында Қостанай аудандық Әділет басқармасы, адвокаты және жеке нотариуспен бірлесе отырып Кәсіпкерлер палатасының филиалы ғимаратында аудан азаматтарына құқықтық кеңес берді.

Аудан  тұрғындары адвокаттар мен нотариустарға жер учаскесін, тұрғын үйді және өсиет бойынша қалдырылған мұрагерлікті рәсімдеу сұрақтары бойынша жүгінді.

Барлық жүгінген азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті кеңестер берілді және заңнаманың нормалары түсіндірілді. 

Қостанай аудандық

Әділет басқармасы