-A A +A

«Бағалау қызметі туралы» заң жобасы бойынша талқылау

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен  Бағалаушылар палатасының, Қостанай облысының соты, адвокаттар алқасының мүшесі, Ұлттық банк, Кәсіпкерлік палатасы  өкілдері қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді.
         Дөнгелек үстел барысында «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын жоғары сапалы бағалау қызметтерін ұсыну және халықаралық стандарттарды енгізу сұрақтары талқыланды.

         Дөнгелек үстел қортындысы бойынша протоколдық шешім қабылданды.

Қостанай облысы Әділет департаменті баспасөз қызметі