-A A +A

Балаларды асырау үшін алимент төлеу, мәселелерін шешу жолдары

03.11.2017 жылы Рудный қалалық Әділет басқармасы қызметкерлерімен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім-балалар үшін білім беру ұйымы өкілі, Рудный қаласы жеке сот орындаушылары қатысуымен «Балаларды асырау үшін алимент төлеу, мәселелерін шешу жолдары» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында алиментті өндіріп алу боййнша туындайтын мәселелер, оларды шешу жолдары, «Бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамы» жоспарының 27 тармағы талқыланды.

Дөңгелек үстел соңындаұқсас кездесулерді тұрақты түрде өткізуді, алименттерді уақытылы және толықтай төлеу жайлы халық арасында құқықтық жұмыстарын жүргізуді шешті.

 

Рудный қалалық Әділет басқармасы