-A A +A

Әділет кеңес береді акциясы

2017 жылдың қараша айының 24 күні Ұзынкөл аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында  Ұзынкөл  аудандық Әділет басқармасының  қызметкерлерінің, аға сот орындаушысың, ішкі істер басқармасының, ХҚКО басшысы, аудан әкімдігінің заң бөлімінің маманы, жеке нотариус, Ұзынкөл аудандық «Нұрлы жол» газетінің өкілінің қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

    Бұл акциянын мақсаты – азаматтарға білікті заң көмегін көрсету, сонымен қатар халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету шеңбері бойынша түсіндіру жүргізу, халықтын мемлекеттің органдарына сенімділікті нығайту болып табылады.

       «Әділет кеңес береді» акциясын өткізу қарсанында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу  бағыттары бойынша сонымен қатар сот актілерін орындау және азаматтық актілерді тіркеу сұрақтары бойынша кеңес берілді.

   Ұзынкөл аудандық

    Әділет басқармасы