-A A +A

«Әділет кеңес береді» акциясы

Арқалық қалалық Әділет басқармасы басшысымен 2017 жылдың 04 желтоқсаны күні «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалының қабылдау бөлімінде «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы өткізілді.

Іс-шараға қаланың 4 азаматы жүгініп, кіші кәсіпкерлік субъектілерін электронды тіркеу, жылжымайтын мүлікке меншікті тіркеу, кепілді тіркеу, мұраға қалдыру құқығын тіркеу және тағыда басқа көкейтесті сұрақтар қойылды.

Жүгінген азаматтарға басқарма басшысымен қойылған сұрақтарына түсініктер берілді.

Арқалық қалалық

Әділет басқармасы