-A A +A

«Әділет кеңес береді» акциясы

        Арқалық қалалық Әділет басқармасы басшысымен 2017 жылдың 12 шілде күні «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалының қабылдау бөлімінде «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы өткізілді.

        Іс-шараға қаланың 4 азаматы жүгініп, жылжымайтын мүлікке меншікті тіркеу, кепілді тіркеу, мұраға қалдыру құқығын тіркеу және тағыда басқа көкейтесті сұрақтар қойылды. Жүгінген азаматтарға басқарма басшысымен қойылған сұрақтарына түсініктер берілді.

       Айтылған іс-шара  ТОО «Арқа дидары» теледидарынан көрсетілді.

Арқалық қалалық

Әділет басқармасы