-A A +A

«Doing Business» «Кәсіпорынды ашу» және «Меншік тіркеу» индикаторы бойынша ұстанымды жақсарту» атты тақырыбына дөңгелек үстел.

2017 жылдың 09 қараша күні Қамысты аудандық Әділет басқармасы кәсіпкерлер палатасымен және бизнес қауымдастығымен  «Doing Business» «Кәсіпорынды ашу» және «Меншік тіркеу» индикаторы бойынша ұстанымды жақсарту» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

           Іс-шара барысында «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу туралы» ҚР Заңына түсініктеме беріліп, сонын ішінде кіші кәсіпкерлікті тіркеу үшін электрондық хабарлама арқылы «Электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатыны туралы,     ҚҚС-қа қою және 2018 жылдың 01 қаңтарынан банктік шот ашуына электронды арыз беруді және қызметкерді сақтандыру келісімшарт жасасуды енгізу туралы айтып өтті.

            Сонымен қатар, «Doing Business» Дүниежүзілік банкінің «Кәсіпорынды ашу» және «Меншік тіркеу» индикаторы бойынша ұстанымды жақсарту және БҚЖИ Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында өткізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

            Кездесу сонында барлық келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.

Қамысты аудандық

 Әділет басқармасы