-A A +A

«Дөңгелек үстел»

Ағымдағы жылдың 06 қараша күні Рудный қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығында Әділет басқармасының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызмет көрсету барысында уәкілдік және басқа органдарымен қатынасу, сонымен қоса жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша мәселелер қарастырылды.

Кездесу нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында стандарттарды басшылыққа алуды, мемлекеттік қызметтерді көрсету жайлы ақпараттарымен алмасуды шешті.

Рудный қалалық

Әділет басқармасы