-A A +A

«Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі индикаторларын жақсарту »

      

Қостанай облысы Амангелді  ауданының Әділет басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 қаңтарында  Амангелді ауданының кәсіпкерлік бөлімі өкілдерінің, ХҚКО инспекторларының қатысуымен «Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі индикаторларын жақсарту» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел мақсаты Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі индикаторларын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын туралы халықты тұрақты түрде хабардар ету мақсатында және заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу рәсімін жеңілдету.

Шара барысында қатысушылар бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңінен мәлімет алды.

 

Қостанай облысы Амангелді ауданының әділет басқармасы