-A A +A

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатындағы кездесу

     

     Ағымдағы жылдың 08 қаңтар күні  Жітіқара аудандық Әділет басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығының   қызметкерлердің қатысуымен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет  бойынша семинар  өткізілді.

Шара барысында әділет саласына қатысты заңды тұлғаларды,  жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды түрде тіркеу бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және  халыққа қызмет көрсету орталығымен құжаттарды сапалы  қабылдау мәселелері талқыланды.

Одан басқа, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар  туралы ақпарат жеткізілді.

Шара соңында қатысушылардың  сауалдарға толықтай жауаптар берілді.

 

 

Жітіқара аудандық әділет басқармасы