-A A +A

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру» тақырыбында семинар

2017 жылдың 28 қарашасында Әулиекөл аудандық Әділет басқармасының басшысымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» филиалы – «ХҚКО» Әулиекөл аудандық бөлімінің қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Іс-шара мақсаты, жемқорлық құқықбұзушылықтарды  болдырмау және наразылық көзқарастарын насихаттау.

Кездесу қорытындысы бойынша, қолданыстағы заңнамалар талаптарына сай, осы бағытта бірлесе жұмыс істеу жөнінде шешім қабылданды.

Әулиекөл аудандық

Әділет басқармасы