-A A +A

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Қостанай облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Департамент басшысы Ерімбетов Бауыржан зор денсаулық, отбасына табыс және жұмысына жетістіктер тілей отырып Департамент ұжымын құттықтады.

Мереке құрметіне,  Департамент қызметкерлеріне Әділет органдарының қызметіне қосқан үлесі үшін "Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" ведомствалық медалі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің марпаттауы мен алғыс хаты, сонымен қатар Қостанай облысы Әділет департаментінің марпаттау қағаздары мен алғыс хаттары  табысталды.

Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильм көрсетілді.

 

Қостанай облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі.