-A A +A

Көшпелі кеңес

2017 жылдың 02 қарашасында тегін заң кеңесін беру мақсатында, Алтынсарин аудандық Әділет басқармасымен жеке нотариуспен бірлесіп, Щербаков ауылының тұрғындарына арнап, көшпелі кеңес өткізді.

Іс-шара барысында акцияға жүгінген 5 азаматқа, әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, атқару жазбасын жасау мен бітістіру рәсімі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі және әділет органдарының шешімдерін, әрекеттерді (әрекетсіздікті) шағымдану түсіндіріліп, «Заң көмегі туралы» және «Заң көмегі мәселесі бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңнамаларының тұжырымдамалары талқыланды.

Ауыл тұрғындарымен жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, сенімхат беру  бойынша сұрақтары қойылды.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Алтынсарин аудандық

Әділет басқармасы