-A A +A

Қостанай облысы Әділет департаменті борышкерлер үшін «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізді

 25.12.2017 ж. Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай облыстық прокуратурасымен, Қостанай қаласы халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығымен және Қостанай қаласы акиматының жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлескен «Алимент. Алиментті төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы және «Алиментті төле» акциясы аясында  «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді.

Алимент бойынша борышкерлерді жұмыспен қамту тиімді шаралардың бірі болып табылады.

«Бос орындар жәрмеңкесіне» алиментті өндіріп алу атқару өндірістері бойынша тұрақты табысы жоқ борышкерлер шақырылтып, оларға тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жолдамалар ұсынылды.

Осылайша, Әділет Депаратаменті атқару өндірісі бойынша мәжбүрлеп өндірумен ғана айналыспай, борышкерлерге тұрақты жұмыс орнын табуға көмек береді.

Қостанай облысы

Әділет департаменті

баспасөз қызметі