-A A +A

Қостанай облысы Әділет департаменті жанындағы заң қызметтерін Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

        Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімімен Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары С.Д. Сандыбаевтің төрағалық етуімен мәслихаттар мен әкімдіктердің, мемлекеттік органдардың заң қызметі өкілдерімен кезекті Үйлестіру кеңесі өткізілді.

        Үйлестіру кеңесі барысында бюджеттің 4-ші деңгейін енгізу, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту, жұмысшылар үшін жұмыс орындарына  квота белгілеу туралы тақырыптар қозғалды.

        Үйлестіру кеңесінің қорытынды бойынша нормашығармашылық мәселелері бойынша заң қызметтерін жұмыс сапасын әрі қарай арттыру мақсатында ұсыныстар әзірленді.

 

Қостанай облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі