-A A +A

Қостанай облысы әкімдігінде адвокаттық қызмет туралы заң жобасын түсіндіруі өткізілді

2017 жылдың 10 қарашасында кеңейтілген ақпараттық кеңесте Қостанай облысының әкімінің төрағалығымен, әкім орынбасарларының қатысуымен, мемлекеттік,облыстық, құқық қорғау және сот органдары, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларының қатысуымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының  түсіндіруі өткізілді.

Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Бауыржан Ерімбетов баяндамада заң жобасының негізгі ережелері бойынша, заң жобасы азаматтардың  қолжетімді және сапалы заң көмегін алу үшін бағытталғаны туралы сөз сөйледі.

Өз баяндамасында департамент басшысы заң жобасының басты новеллалары бойынша адвокаттар тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған, «pro bono» практикасын, «Е-адвокатура» ақпараттық жүйесін енгізу,заңды кеңесшілердін құқықтық мәртебесін заңнамалық бекіту, білікті заң көмегін алу үшін азаматтардың конституциялық құқықтарының тетігін одан әрі жетілдіруін атап өтті.

Кеңес қатысушылары қойған сұрақтарға департамент басшысымен қаңағаттандырарлық жауаптар берілді.

 

Қостанай  облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі