-A A +A

Қостанай облысы әкімдігінде жеке сот орындаушылар қызметі бойынша жиналыс өткізілді

Қостанай облысы Әділет департаменті  2017 ж. 8 желтоқсанда Қостанай облысы әкімі төрағалығымен әкімшілікте жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында Департамент басшысы Бауыржан Ерімбетов сөз сөйледі, сөзінде жеке сот орындаушылардың сапалы қызметі барлық мемлекеттік органдарының үйлесімді жұмысына байланысты және тек қарым қатынаста оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкін екенін белгіледі. Сонымен қатар, нақты есеппен Аймақтық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы сөз сөйледі.

Жиналыс қорытындысында атқарушылық өндіріс бойынша мемлекеттік органдармен және палаталармен бірлесіп жұмыс атқаруды жалғастыру шешілді.                

Қостанай облысының

Әділет департаменті

Баспасөз қызметі