-A A +A

Қостанай облысының Әділет департаментінің басшысы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды қабылдады

2017 жылдың 24 қарашасында Қостанай облысының Әділет департаментінің басшысы Б.С. Ерімбетовпен «Нұр Отан»  партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылды.

         Бұл қабылдаудың мақсаты- кері байланыстың тиімді құралдары, ақпарат алу үшін сапалы арна болып табылатын құқықтық көмек және халық арасында кеңес беру жұмыстарын өткізу.

         Қабылдау барысында азаматтардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және атқарушылық іс жүргізу саласы бойынша сұрақтар түсіп, оларға тиісті түсініктемелер берілді.

         Осы іс-шара шеңберінде әрбір адамның білікті көмек алуға мүмкіншілігі болды.

                                                                                                                                 Қостанай облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі