-A A +A

Қостанайда проблемалық алименттер бойынша дөңгелек үстел өткізілді

      2017 жылдың 05 маусымында Әділет департаментінің қызметкерлері және құқық қорғау органдарының қатысуымен «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасының шеңберінде "Проблемалық алименттер бойынша мәселелерді шешу" атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

       Дөңгелек үстел барысында алименттік міндеттемелерді өндіріп алу бойынша мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды, жүргізушілік куәліктерінен айыру және автокөліктерін тәркілеу, заңды талаптардан жалтарған сот орындаушылары, сонымен қатар борышкерлердің алимент бойынша оларға қатысты қылмыстық материалдар құрастыру мәселелері қарастырылды.

     Хаттамалық шешіммен дөңгелек үстел қатысушылары алименттерді өндіріп алу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдарын зерделеуді шешті.

Қостанай облысы

Әділет департаменті

баспасөз қызметі