-A A +A

Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы сақталу бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдың алуға қарсы «дөңгелек үстел»

2017 жылдың 02   қарашасы күні Арқалық қалалық Әділет басқармасы қызметкерлерінің, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы өкілінің, және Арқалық қаласының мемлекеттік емес ұйымдары қатысуымен ҚР мемлекеттік қызмет,  қызметтік этика қағидалары және сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» барысында Әділет басқармасының басшысы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет атқару кезінде қызметтік этика қағидаларын ұстануы, сырт келбеттің қарапайым әрі ұқыпты болуы, жалған ақпараттарды таратуға кез келген қимылды болдырмау, мемлекеттік меншіктің сақталуын  қамтамасыз ету әрекетттері бойынша түсінік беріліп, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану керектігі айтылды.

«Дөңгелек үстел» сонында  қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Арқалық қаласы Әділет басқармасы