-A A +A

Рудный қаласының кәсіпкерлерімен кездесу

        2017  жылдың  13 шілде күні Рудный қалалық  Әділет басқармасымен «КопиТек Центр» ЖШС өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік субъектілеріне, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерінің түсіндіру тақырыбында кездесу өткізді.

       Кездесуде әділет органдарының әрекеттерін, шешімдерін даулау, меншік құқықтары мәселелері талқыланды, сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтары бойынша.

         Бұл шараның мақсаты – білікті заң көмегін көрсету, сонымен  қатар құқықтық мәдениетін арттыру, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.

         Өткізілген кездесу нәтижесі бойынша қатысушылар Рудный қаласында  бизнес жағдайын жақсарту мақсатында, кәсіпкерлік ұйымдарға қолданыстағы заңнамалардың басты бағыттарын түсіндіру бойынша әділет органдарымен алдағы уақытта бірлескен жұмыстар атқару қажеттілігі туралы пікір алмасты.

Рудный қалалық

Әділет басқармасы