-A A +A

«Семинар»

Ағымдағы жылдың 06 қараша күні Рудный қалалық Әділет басқармасымен Рудный қалалсы әкімдігінің АХАТ бөлімі мамандары бірлесіп азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқықтық көмек туралы Конвенциясының ережелерін қолдану мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында Конвенцияның, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы»  ҚР Заңының негізгі ережелері түсіндірілді, сондай-ақ Азаматтық хал актілерді тіркеу саласында құқықтық көмек көрсету бөлімінде халықаралық нормаларды қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстармен таныстырылды.

Іс-шара соңында сұрауларды уақтылы дұрыс рәсімдеу мақсатында «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы»  ҚР Заңын, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқықтық көмек туралы Конвенциясын басшылыққа алуға ұсыныс білдірілді.

 

Рудный қалалық Әділет басқармасы