-A A +A

«Сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер»

      

      2018 жылдың 10 қаңтар күні Амангелді аудандық Әділет басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау» атты тақырыпта семинар  ұйымдастырылды.  Бұл семинар Амангелді ауданының «Нұр Отан» париясының филиалының өкілі және аудандық «Төтенше жағдайлар» бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен  өткізілді.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыттарының бірі-оның алдын алу және болдырмау мәселелері жөнінде сөз қозғалды.

Талқылау аяғында қатысушылар пікірлерімен бөлісті.

 

Қостанай облысы Амангелді аудандық Әділет басқармасы