-A A +A

Заңжобаларды талқылау

         Ағымдағы  жылдың  3 қарашасы күні  Әулиекөл  аудандық  Әділет  басқармасы  басшысы, аудандық прокуратура, мемлекеттік, құқық қорғау органдары өкілдерінің  қатысуымен   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Құқық қорғау қызметін  процестік негіздерін  жаңғырту сұрақтары бойынша  Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық  актілеріне  өзгертулер  мен  толықтырулар енгізу туралы»  Заңжобаларын  талқылау  бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

          Іс  шара  барысында, Заңжобамен адвокатура жүйесін оңтайландыру көзделіп отыр, яғни адвокат санының жетіспеушілік мәселесін шешу, Pro bono тәжірибесін еңгізу, жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің  құқықтық мәртебесін заң түрінде анықтау және бекіту, мемлекет кепілдік берген заң көмегінің  көрсетілуінің жалпы шарты  және  тәртібін реттеу және т.б. көзделетіні сөз болды.

Қорытындылай келе, тараптар осы бағытта заңнамалық актілерді белсенді түсіндіру қажеттілігі туралы бір тұжырымға  келді.

Әулиекөл аудандық  Әділет  басқармасы