-A A +A

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік – заман талабы

Қазақстан Республикасының Әділет органдары Дүниежүзілік экономикалық  форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсартудың негізгі  4 индекаторы бойынша жұмыстар жасауда. Атап айтқанда, «Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңнаманың тиімділігі», «Меншік құқығы», «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі», «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын  жақсарту да жүктелген. Аталған көрсеткіштер Дүние жүзілік экономикалық форумда  жария етілді. Тағы бір тоқтала кетерлік жетістік, заңды тұлға болсын өзіне керекті ақпаратты үйінен шықпай-ақ немесе жұмыс орнында отырып  «Электронды үкімет»порталы арқылы  ала алады.Кәсіпкерлікті тіркеу де осылай жүзеге асады. Бұрынғыдай құжаттарын арқалап Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе бізге келіп кезек күтудің керегі жоқ. Алдында компьюттері және ғаламтор желісімен байланысы болса жеткілікті.Мәселен, кәсіпкерлікті тіркеу қажет болса, бір сағаттың ішінде  электронды өтінішті толтырады.Тіркеу бір күннің ішінде жүзеге асады. Шағын және орта бизнесті тіркеу тегін және кәсіпкерлік жарғысы талап етілмейді. Ал жеке кәсіпкерлікті қайта тіркеу  кезінде өтінішті жергілікті ХҚКО-на өткізу кезінде , жалпы жиналыстың шешімі немесе хаттамасы болса жеткілікті.Сосын орта және ірі   кәсіпкерлерден 6,5 айлық есептік көрсеткіш есебінде, шағын кәсіпкерлік субьектілерінен 2 АЕК-ке тең төлем алынады. Тарату негiздемесi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш;
2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi;

3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;

4) кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама;

5) акция шығарылымдарының күшін жою туралы куәлік (акционерлiк қоғамдар үшiн);

6) заңды тұлғаның мөрiн жою туралы құжат;

7) заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;

8) құрылтай құжаттары ұсынылады.

Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш тiркеушi органға заңды тұлғаның таратылғаны туралы ақпарат жарияланған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң ұсынылады.

Науырзым аудандық

Әділет  басқармасының

бас маманы Абенов Б.А.

РҚБ ҚОФ «Заңгерлер одағының мүшесі»