-A A +A

Жітіқара аудандық Әділет басқармасы «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді

24.11.2017 ж. Жітіқара аудандық әділет басқармасының, сот орындаушылар бөлімінің, «Нұр Отан» АҚФ, Жітіқара орталық ауруханасының, кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысуымен «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ балалар өнер мектебі» МКҚК ғимаратында «Әділет кеңес береді» акциясы  өткізілді.

 Акция барысында  азаматтарға жүгінген сұрақтары негізінде жылжымайтын мүлікті,  заңды тұлғаларды тіркеу,  алимент өндіру, электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша айтылды.   Адвокаттық қызметтегі негізгі реформалар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы мәселелер қозғалды.

Қойылған сұрақтардын барлығына  жауаптар берілді.

Жітіқара аудандық

әділет басқармасы