-A A +A

Жітіқара ауданында ашық есік күні өткізілді.

2017 жылғы 02 қараша күні Жітіқара аудандық Әділет басқармасы,   сот орындаушылар бөлімінің қызметкерлері қатысуымен  заңды түсіндірулерді беру мақсатында  әділет органдарының  құзыретіне кіретін   мәселелер бойынша «Ашық есік күні» өткізілді.

         Электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу,  заңды тұлғаларды тіркеу,  сот актілерін орындау және әділет органдарының шешімдерін, әрекеттерді (әрекетсіздікті) шағымдану сұрақтар бойынша іс-шара өткізілді.

         Аталған іс-шараның барысында  жүгінген азаматтарға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің негізгі ережелері туралы айтылды.

Жітіқара аудандық

әділет басқармасы