-A A +A

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, мерзімдер және жауапкершілік» атты тақырыбына дөңгелек үстел

            2017 жылдың 13 шілде күні Қамысты ауданының Әділет басқармасының маманымен Қамысты ауданының «ХҚКО» мамандарының қатысуымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, мерзімдер және жауапкершілік» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

          Іс-шараның негізгі мақсаты - жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдағанда ХҚКО қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету.

            Шара барысында жылжымайтын мүлігін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарды сақтау сұрақтарын қарастырылды. Сонымен бірге, маманымен жеке және заңды тұлғалармен орнатылған жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің мерзімі бұзылғаны үшін жауапкершілік туралы түсініктемелер берілді.

            Іс-шараның соңында қызметкерлер сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Қамысты аудандық

                                                                                               Әділет басқармасы