-A A +A

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша семинар.

        Алтынсарин аудандық  Әділет басқармасының инспектор-тіркеушісімен 2017 жылдың 11 шілдесінде  «ХҚКО» бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша семинар өткізілді.  

          Іс шара барысында жылжымайтын мүлiкке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектiлеріне құқықтардың, құқықтар ауыртпалықтарының туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiб мерзiмдерi түсіндірілді.

           Семинар сонында  мемлекеттік қызмет стандарттарын көрсету кезінде, нормаларды  сақтауды ұсынды.

Алтынсарин аудандық

Әділет басқармасы