-A A +A

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мен оларды коммуналдық меншікке беруде туындайтын мәселелер»

         

       2018 жылдың 04 қантарында Басқарма басшысы А.Х. Мадьярованың  Рудный қалалық тұрғын-үй, шаруашылық бөлімі өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында иесіз мүліктерге қатысты шаралар қолдану және оларды коммуналдық меншікке беру бойынша мәселелерді талқыланды, Әділет министрлігімен әзірленген «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясында зерделеу бойынша  нормалары түсіндірілді.

Іс-шара соңында ақпаратты мәлімет үшін қабылдау, Әділет басқармасымен мен Рудный қалалық тұрғын-үй, шаруашылық бөлімі салыстыру актісін жүргізу, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары талаптарына сәйкес жұмыс істеуді шешті.

 

Рудный қалалық Әділет басқармасы