-A A +A

Халықпен жұмыс

Ақпарат

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығын орындау мақсатында 2015 жылғы наурыз айынан бастап әділет органдарынан азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша функцияларды жергілікті атқарушы органдарына берілген.

Әділет департаментіне нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды бекітілген.

 

Заң жобасының тындалуы өткізілді

2016 жылдың 11 қарашасында Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімімен Қазақстан Республикасының «Зияткерлік меншік аясында заңнаманың жаңару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасы бойынша  Рудный қ. қоғамдық тыңдауы өткізілді.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында кәсіпкермен семинар өткізу

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында

кәсіпкермен семинар өткізу

2015  жылғы  мамыр   айының 25  жұлдызы күні  Ұзынкөл ауданы Әділет басқармасының  жетекші маманы Ж.С. Көшенованың  төрағалығымен Ұзынкөл ауылының «Елсан» сауда орталығының жеке кәсіпкерлерімен  «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері туралы»  және   Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын түсіндіру туралы тақырыбы бойынша семинар  өткізілді.

Қызметтердің сапасын жақсарту туралы

Қызметтердің сапасын жақсарту туралы

         Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің  сапасын жақсарту мақсатында  2015 жылы мамырдың 25-де  Жітіқара ауданы Әділет басқармасы ХҚКО-ның мамандарымен «Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарын және азаматтардың хал актілерін тіркеу сұрақтар мен мәселелер» бойынша  семинар өткізілді.

«Спорт нашақорлыққа қарсы»

«Спорт нашақорлыққа қарсы»

          2015ж. 23 мамыр күні Қостанай ауданында «Спорт нашақорлыққа қарсы» атты ұранмен «Олимпиада күні» және Денсаулық күні аталып өтті. Оған аудан орталығының барлық мемлекеттік қызметкерлерімен қоса студенттер, орта мектептердің оқушылары  және мүгедектер қатысты.

          Қостанай ауданының Әділет басқармасы қызметкерлеріде осы іс-шарадан шетте қалмады. 2400 метрге созылған ғашықтыққа 20 мен 29 арасындағы, 30 бен 39 жас арасындағы жүгіруге қатысты.  

Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша заңға енгізілген өзгерістер талқыланды

Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша заңға енгізілген өзгерістер талқыланды

25.05.2015 ж. Қамысты ауданының  Әділет басқармасымен бірлесе Қамысты ауданы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ны филиалы, өкілдерінің қатысуымен «Заңды тұлғаларды тіркеу мәселесі бойынша  қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістерді талқылау» тақырыбында семинар өткізді.  

Ашық есік күні

« Ашық есік күні »

2015 жылы 19 мамыр күні  Қостанай қаласы Әділет басқармасының қызметкер кеңесшісі Саденова Г.М.., Қостанай қаласының тұрғындарына  бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша құқықтық кадастрдан мәліметтер беру туралы заң кеңестерін өткізді.

          Осы акция жүргізу барысында 5 шама адамға әділет органдары құзіретінің басты бағыттары бойынша кеңес көрсетілді.

Қостанай қаласының Әділет басқармасы

«Мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу туралы заңындағы өзгерістер»

«Мемлекетке тиесілі  заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу туралы заңындағы өзгерістер»

2015 жылы мамыр айының 18 жұлдызында Меңдіқара ауданының Әділет басқармасы «Меңдіқара ауданының Первомай селолық округі әкімінің аппараты» ММ оқыту семинары өткізілді.

Семинардың тақырыбы «Мемлекетке тиесілі  заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу туралы заңындағы өзгерістер».

Беттер